Универсиадаға қатысатын шаңғышылар құрамы жасақталды

Универсиадаға қатысатын шаңғышылар құрамы жасақталды

Универсиадаға қатысатын шаңғышылар құрамы жасақталды
ашық дереккөзі
Қазақстанның Ұлттық шаңғы жарысы федерациясы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиада кезінде еліміздің намысын қорғайтын команда құрамын жасақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаттықтырушылар кеңесі спортшылар тізімін желтоқсан айының соңында Алматыда өткен Қазақстан кубогының нәтижесіне сәйкес бекітті. Сонымен, ерлер: Сергей  мен Александр Малышевтар, Виталий Пухкало, Олжас Климин, Иван Люфт, Константин Борцов, Ринат Мухин, Дәулет Рахымбаев. Қыздар: Анна Шевченко, Ольга Мандрика, Анна Стоян, Ирина Быкова, Анжелика Тарасова, Валентина Эбель, Марина Матросова, Ангелина Шурыга. Айта кетейік, жарыс «Алатау» шаңғы стадионында өтеді.