Рим Папасы қазақтың «жеті шелпек» дәстүрін еске алды

Рим Папасы қазақтың «жеті шелпек» дәстүрін еске алды

Рим Папасы қазақтың «жеті шелпек» дәстүрін еске алды
ашық дереккөзі
Рим Папасы Франциск ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өткен кездесуінде домбыраның қасиетіне бірнеше рет тоқталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Рим Папасы кездесуде айтқан тұщымды ойларын домбыраның сан түрлі қасиетімен сабақтастыра отырып баяндап шықты.
«Осы сапарға дайындалған кезімде бұл жердегілер орта ғасырларда домбыраның бірнеше түрімен дастан айтып, сол арқылы өткен мен бүгінді байланыстырғанын білдім. Алуандық сабақтастығының символы тұтас елдің жадында осылай ырғақ болып сақталған. Домбыра бүгін де экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің жылдам ауысып жатқанына қарамастан алдыңғы лектегі буынның өмірін ұмыттырмай келеді», - деді мәртебелі Франциск.
Оның пайымынша, қазақ жерінде ынтымақтың гүлденіп тұруына көнеден келе жатқан дәстүр де негіз болып отыр.
«Ынтымақтың гүлденуіне сәлт-дәстүрдің де үлес қосып отырғаны анық. Сол арқылы өткеннің құндылықтары қастерлі қазынаға айналып, мұра болып қалып отыр. Менің есіме бұл жақта кең таралған «жеті шелпек» атты таңғажайып дәстүр келіп отыр – жұманың таңында жеті шелпек таратып, ата-бабаны еске алады», - деді Рим Папасы.