Шымкент барлық сала бойынша оң көрсеткішке ие болды

Шымкент барлық сала бойынша оң көрсеткішке ие болды

Шымкент барлық сала бойынша оң көрсеткішке ие болды
ашық дереккөзі
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-даму қорытындысы барысында Шымкентте барлық сала бойынша оң динамика сақталғанын атап өтті. Осыған қатысты Шымкент қаласы әкімдігі кеңірек мәлімет ұсынды деп хабарлады turkystan.kz Zakon-ке сілтеме жасап. 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-даму қорытындысына сәйкес, Шымкент қаласында барлық сала бойынша оң динамика байқалды. Атап айтқанда:
  • Өнеркәсіп өнім көлемі 583,2 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,7 пайыз болып отыр.
  • Инвестиция көлемі 276,2 млрд.теңге болып, 31,1 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 68,9 млрд.теңге, жеке көздерден 207,3 млрд.теңге.
  • Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,7 млрд.теңге немесе 118,5 пайызды құрады.
  • Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 426,8 мың шаршы метр немесе 123,0 пайыз болды.
  • Жалпы сауда көлемі 1 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 11,4 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 355,4 млрд.теңге, нақты көлем индексі 112,4 пайыз, көтерме сауда 777,1 млрд. теңге, 110,7 пайыз.
  • Байланыс қызметі 5 427,6 млн. теңгені немесе 4,5 пайызға артты.
«Цифрландыру бағытында да көрсеткіш жоғары. Шымкент қаласы бұл бойынша республикада Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі үшінші орында», - деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.