Головкин «Канеломен» жекпе-жектен кейін не істейтінін айтты

Головкин «Канеломен» жекпе-жектен кейін не істейтінін айтты

Головкин «Канеломен» жекпе-жектен кейін не істейтінін айтты
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жектен кейінгі жоспарлары және Қазақстанда жекпе-жек өткізу ниеті туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен үшін бұл жерде («Канеломен» жекпе-жек) айтарлықтай ештеңе жоқ, бұл кезекті жекпе-жек. Жақында зейнетке шығатынымды білесіз, мен әлем чемпионымын. Шынында да, біз бұл жекпе-жекті ұзақ күттік. Енді болайын жатыр», - деді Головкин Combat Compas-қа берген сұхбатында.
Головкин Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегі мансабының финалы бола ма, жоқ па, соған тоқталды.
«Менің жоспарым көп. Туған елім Қазақстан бар, менің ойымша, тағы жекпе-жек керек. ...Бокс әлемінде әлі де жоспарларым бар», - деді спортшы.