Астана атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат қажет етілмейді - министрлік

Астана атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат қажет етілмейді - министрлік

Астана атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат қажет етілмейді - министрлік
ашық дереккөзі
Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Егер Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға қажет болады», - делінген Қаржы министрлігі хабарламасында.
Бұл ретте, Қаржы министрлігі мәліметінше, бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
«Бұл шараларды мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат аясында, қосымша ақша бөлмей-ақ жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет етілмейді», - деп толықтырды министрлік өкілдері.