«Жүргізуші куәлігін жасап беремін»: алаяқ тұрғынның атынан 3 несие алған

«Жүргізуші куәлігін жасап беремін»: алаяқ тұрғынның атынан 3 несие алған

«Жүргізуші куәлігін жасап беремін»: алаяқ тұрғынның атынан 3 несие алған
ашық дереккөзі
Түркістан облысында ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алдап, тұрғынның атынан үш несие алған деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірді. Жәбірленушінің айтуынша, ол тамыз айында ер адаммен танысқан. Жаңа танысы жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, сендірген. Арызданушы бейтаныс ер адамға жеке куәлігінің көшірмесі мен 250 мың теңге ақша берген. Алайда 1 апта ішінде бітеді деген жалған уәде 2 айға созылған. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін полицейлерден көмек сұрайды.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар бұрын сотты болған жергілікті тұрғын анықталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам жәбірленуші азаматтың сеніміне кіріп, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтқан. Сондай-ақ, күдікті жәбірленушінің ақшасын ғана алып қоймай, оның жеке куәлігі арқылы атынан 3 бірдей несие рәсімдегені анықталды», - делінген хабарламада.
Жалпы шығын көлемі – 3 млн теңге. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.