Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына орден табысталды

Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына орден табысталды

Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына орден табысталды
ашық дереккөзі
Абай облысында дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталды деп хабарлады turkystan.kz. Сонымен қатар 3 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді.  width=
«Айдос Тоғызбаевтың батылдығы мен батырлығы, қайсарлығы мен өз қызметіне адалдығы баршамызға үлгі-өнеге болып қала бермек. Антына адал, Айдос бауырымыздың бойында дәл осындай қасиеттердің болғанына осы ерлігі дәлел. Мен, Абай облысы тұрғындарының және жеке өзімнің атымнан марқұмның жолдасына, туған туыстарына тағы бір мәрте қайғырып көңіл айтамын», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.