Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс», - деді Руслан Желдібай.