The New York Times Қазақстанды саяхаттауға ең қолайлы елдердің қатарына қосты

The New York Times Қазақстанды саяхаттауға ең қолайлы елдердің қатарына қосты

The New York Times Қазақстанды саяхаттауға ең қолайлы елдердің қатарына қосты
ашық дереккөзі
Америкалық The New York Times басылымы Қазақстанды 2017 жылы саяхаттауға болатын ең үздік мемлекеттер тізіміне қосты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі. Әлемге әйгілі америкалық басылым 2017 жылы саяхаттауға кеңес берілетін әлемнің ең қызықты жерлерінің тізімін жасаған. Қазақстан бұл рейтингте 52 елдің ішінде 26 орынды иеленді. "Астана 2017 жылы EXPO World 2017 көрмесін қабылдайды. Ол энергетика саласындағы болашақтың идеяларын алға тартады және таза энергиядан қуат алатын павильонның "үйіне" айналады", – деп жазады The New York Times. Сондай-ақ, аталмыш  басылым Тянь-Шань тауларының 2016 жылы ЮНЕСКО әлемдік мұралар тізіміне енгендігін еске салады. The New York Times жасаған рейтингіде алғашқы орында Канада, Чили (Атакама шөлі) және Үндістан (Агра) тұр. Ал  ең соңғы орында Венгрия (Будпешт), АҚШ (Нью-Йорктағы Оңтүстік Бронкс) және Жапония (Рюкю аралы) бар.