СҚО-да 100 әйелге 93 ер адамнан келе ме?

СҚО-да 100 әйелге 93 ер адамнан келе ме?

СҚО-да 100 әйелге 93 ер адамнан келе ме?
ашық дереккөзі
2021 жылы СҚО-да 540 786 адам тұрған. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 55,8 мыңға немесе 9,3 пайызға азайған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Сарапшылардың ақпаратынша, 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша, қалада 238,4 мың адам (облыс халқының 40 пайызы) тұрса, 2021 жылғы халық санағы кезінде қала тұрғындарының саны 259,5 мың адам (48 пайыз) болған. Ауыл халқының үлесі сәйкесінше 60-тан 52 пайызға дейін қысқарған.
«Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғыдай әйелдердің саны ерлер санынан асып түсті. Санақ қорытындысы бойынша, әйелдер саны 18,9 мыңға көп. Пайызбен айтсақ, ерлердің үлесі 48,3 пайыз, әйелдер - 51,7 пайыз. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 100 әйелге 93 ер адамнан келеді», - делінген хабарламада.