375 млн теңгеге салынған мектептің 375 теңгелік құны жоқ па?

375 млн теңгеге салынған мектептің 375 теңгелік құны жоқ па?

375 млн теңгеге салынған мектептің 375 теңгелік құны жоқ па?
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Сайрам ауданында 500 бала апатты жағдайда тұрған мектепте оқуға мәжбүр деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 сайтына сілтеме жасап. 13 жыл бұрын салынған мектептің жағдайы қайта жөндеуді қажет етеді. Мұғалімдердің сөзінше, қабырғадағы жарықтар көрші кабинетті көретіндей көлемде үлкейген. Қазір ғимараттың басым бөлігін қауіпті болғандықтан, жауып тастаған. Мектеп директорының айтуынша, апта сайын қабырғалар жарылып, қирауға жақын екені байқалады.
«Сәуірде сараптама комиссиясы мектептің көп бөлігін қауіпті деп атады. Күрделі жөндеу қажет. Білім бөлімі жобалық-сметалық құжаттаманы 4 млн 800 мың теңгеге жасады, бірақ жөндеу жұмыстарына 675 млн теңге қажет екен. Мектеп 375 млн теңгеге салынды, ал жөндеу жұмыстарына екі есе көп қаржы керек», – дейді мектеп директоры Мадина Көшекбай.
Аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінде ата-аналарға балаларын қауіпсіз жерде басқа мектепке ауыстыруды ұсынған. Алайда көрші ауылда орналасқан мектепке дейін 7 шақырым болғандықтан, тұрғындар бас тартқан. Енді келесі жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жөндеу жұмыстарына 675 млн теңге бөлу жоспарланған. Айта кетейік, 13 жыл бұрын оқу орны «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген. Тендерді жеңіп алған компания Сайрам ауданында басқа да мектептер салды. Бірақ шенеуніктер тек осы мектепте ғана осындай мәселе туындап отыр деп сендіреді.