Жаңалықтар

Партия жастары өрт қауіпсіздігіне қатысты акция өткізді

ашық дереккөзі

Партия жастары өрт қауіпсіздігіне қатысты акция өткізді

Павлодарлықтарға жергілікті құтқарушылар мен партия жастары өрт қауіпсіздігі туралы жыл сайынғы айлық аясында еске салды. 10 қыркүйекте Павлодар облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің қатысумен, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының және Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерімен бірлесіп «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі» акциясын өткізді. Акцияға қатысқан «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері осындай профилактикалық әңгімелердің маңыздылығын атап өтті. «Біз жергілікті қызметтерге, әсіресе азаматтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты көмекке әрқашан дайынбыз. Осындай жобаларға қатыса отырып, жастар павлодарлықтарға қарапайым және түсінікті тілмен өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар өзекті және маңызды тәжірибе алады», - деді «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық «Жастар Рухы» ЖҚ филиалының төрайымы Санира Жүсіпова.