Адамның бойы 25 жасқа дейін өсе ме?

Адамның бойы 25 жасқа дейін өсе ме?

Адамның бойы 25 жасқа дейін өсе ме?
ашық дереккөзі
Кейбір адамдардың бойы ұзын болса, кейбір адамдардың бойы қысқа болып келеді. Ғалымдардың айтуынша, адамның бойы тек генге байланысты емес. Бұған көптеген факторлар әсер ете алады. Балаларының бойы баяу өсіп, уайымға салынатын ата-аналар да бар. Бойдың өсуіне қатысты нақты факторларды біліп жүрудің еш артықшылығы болмайды. Бойдың өсуіне не әсер етеді? Бойдың өсуі адам ағзасындағы жасушалардың белсенді бөлінуін тудыратын соматотропин гормонына байланысты. Оның реакциясы жасыңызға қарай азаяды және егде жастағы адамдарда тіптен аз болады. Адамның қаншалықты өсетініне көптеген факторлар әсер етеді. Мәселен, генетика, өмір сүру салты, тамақтану режимі, климат және қоршаған орта жағдайлары. GIANT (Genome-Wide Investigation of ANthropometric Traits) зерттеушілерінің пікірі бойынша, бойдың өсу ерекшеліктерінің шамамен 80%-ы генетикаға байланысты. Ғалымдар бұл процеске жауап беретін 180 генді анықтаған. Сондай-ақ, бойдың өсуіне стресс, ұйқының бұзылуы, әртүрлі аурулар, физикалық белсенділік және күн сәулесінің деңгейі де әсер етеді екен. Бір қызығы, уақыт өткен сайын адамзат «өсіп келе жатыр». Мысалы, өткен ғасырда бүкіл әлем бойынша адам бойының орташа ұзындығы 160 см болған болса, қазір бұл көрсеткіш 165-ке дейін өскен. Сонымен бірге, ер адамдар әйелдерден ұзын болып келеді. Бұл ер адамдардың аяқтарының ұзындығына байланысты. Көптеген сарапшылар адам қай жасқа дейін өседі деген сұраққа жауап бере отырып, бұл процесс шамамен 25 жаста тоқтайды деген тұжырымға келген.  width= Қыздар қай жасқа дейін өседі? Қыздардың бойының ең белсенді өсуі жыныстық жетілу кезеңінде жүреді және бұл 10-11 жастан басталады. Ал, бойдың өсу процессі 16-18 жас шамасында аяқталады. Ұлдар қай жасқа дейін өседі? Ұлдарда кішкене өзгешелеу болады. Олардың жыныстық жетілуі қыздарға қарағанда кешірек басталады, сондықтан ер балалар 14 жасқа дейін баяу өседі. Осыдан кейін белсенді даму кезеңі басталады. Бұл 18 жасқа дейін жалғасады. Жасөспірім кезеңіндегі ұлдар осы уақыт ішінде құрбы қыздарды басып озып, бойлары қыздардан бірнеше сантиметрге ұзын болып кетеді. Неге адамдардың бойы әркелкі? Нәресте дүниеге келген кезде оның бойы әдетте 46 мен 55 см аралығында болады, содан кейін баланың бойы біртіндеп өсе бастайды. Бір жасқа толған шағында нәресте 70-80 см-ге дейін өсуі мүмкін. Бұл баланың бірінші өсу кезеңі болып саналады. Содан кейін ет жинау кезеңі басталады да, өсу 3 жасқа дейін баяулайды. Келесі өсу кезеңі 5-7 жастар шамасында болады. Бұл кезде дененің ұзындығы жылына 5-10 см-ге дейін ұзарады. Содан кейін бойдың өсу процесі қайтадан баяулайды. Ең белсенді өсу жыныстық жетілу кезеңінде жүреді және мұны үшінші өсу кезеңі деп атайды. Одан кейінгі жылдарда дененің соңғы өлшемдері қалыптасып, қазіргі формасына келеді. Бойдың өсу процесіне жауап беретін гендер балаға ата-анасынан беріледі. Көбінесе баланың бойы осы гендерге байланысты. Сондықтан өзіңіздің де, жолдасыңыздың да бойы кіші бола тұра, баламның бойы неге ұзын болмады деуіңіз қателік.