Жаңалықтар

Адамның бойы 25 жасқа дейін өсе ме?

ашық дереккөзі

Адамның бойы 25 жасқа дейін өсе ме?

Кейбір адамдардың бойы ұзын болса, кейбір адамдардың бойы қысқа болып келеді. Ғалымдардың айтуынша, адамның бойы тек генге байланысты емес. Бұған көптеген факторлар әсер ете алады. Балаларының бойы баяу өсіп, уайымға салынатын ата-аналар да бар. Бойдың өсуіне қатысты нақты факторларды біліп жүрудің еш артықшылығы болмайды. Бойдың өсуіне не әсер етеді? Бойдың өсуі адам ағзасындағы жасушалардың белсенді бөлінуін тудыратын соматотропин гормонына байланысты. Оның реакциясы жасыңызға қарай азаяды және егде жастағы адамдарда тіптен аз болады. Адамның қаншалықты өсетініне көптеген факторлар әсер етеді. Мәселен, генетика, өмір сүру салты, тамақтану режимі, климат және қоршаған орта жағдайлары. GIANT (Genome-Wide Investigation of ANthropometric Traits) зерттеушілерінің пікірі бойынша, бойдың өсу ерекшеліктерінің шамамен 80%-ы генетикаға байланысты. Ғалымдар бұл процеске жауап беретін 180 генді анықтаған. Сондай-ақ, бойдың өсуіне стресс, ұйқының бұзылуы, әртүрлі аурулар, физикалық белсенділік және күн сәулесінің деңгейі де әсер етеді екен. Бір қызығы, уақыт өткен сайын адамзат «өсіп келе жатыр». Мысалы, өткен ғасырда бүкіл әлем бойынша адам бойының орташа ұзындығы 160 см болған болса, қазір бұл көрсеткіш 165-ке дейін өскен. Сонымен бірге, ер адамдар әйелдерден ұзын болып келеді. Бұл ер адамдардың аяқтарының ұзындығына байланысты. Көптеген сарапшылар адам қай жасқа дейін өседі деген сұраққа жауап бере отырып, бұл процесс шамамен 25 жаста тоқтайды деген тұжырымға келген.