Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

13 қыркүйек, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды Босния және Герцеговинаның Лукавац қаласында волейболды отырып ойнаудан халықаралық турнир өтті деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. Жарысқа Қазақстан, Сербия, Хорватия, Словения мен Босния және Герцеговина командалары қатысты. Турнирде Қазақстан құрамасы топтық кезеңнен бірінші болып шығып, жартылай финалда Сербия командасын 3:1 есебімен ұтты. Финалда Токио-2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Босния және Герцеговина командасымен кездесіп, 3:0 есебімен Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ осы жылдың 4-11 қараша аралығында Босния және Герцеговина астанасы - Сараево қаласында өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының қатысуы жоспарлануда. Аталған чемпионат 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алуға рейтингтік жарыс болып келеді.