Қостанай облысында бюджеттен 96 млн теңге ұрланған

Қостанай облысында бюджеттен 96 млн теңге ұрланған

Қостанай облысында бюджеттен 96 млн теңге ұрланған
ашық дереккөзі
Қостанай облысындағы қаржы мониторингі агенттігінің департаментінде 96 млн теңге бюджет қаражатының ұрланғаны туралы хабарланды деп жазды turkystan.kz. Агенттіктің мәліметінше, Қостанай облысының тұрғыны аграрлық сектор субъектілерін алдап, сенімін теріс пайдаланған.
«Күдікті өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде картоп тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар түрінде бөлінетін бюджеттік ақшалай қаражатты бірнеше рет ұрлады», - делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айыпталушының қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын шамамен 96 млн теңгені құраған. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.