Жаңалықтар

Қарағандылық фотограф қоқыс үйіндісін өнер туындысына айналдырды

ашық дереккөзі

Қарағандылық фотограф қоқыс үйіндісін өнер туындысына айналдырды

Қоқыс қалдықтары - Қарағандыда күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Фотоөнер өкілдері мен экологтар және белсенділер қала тұрғындарын табиғатты аялауға шақырды деп хабарлады turkystan.kz LIFE09 ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Константин Павленко - тек Қарағандыда ғана емес, алыс-жақын шет елде танымалдыққа ие фотограф. Оның туындылары шынайылығымен ерекше. Жуырда жеке парақшасына қайталанбас туындыларын жариялады. Қоқыс арасында жатқан қыздың бейнесі арқылы халықтың Жер-Анаға деген қарым-қатынасын астарлап жеткіздім дейді өнер иесі. Аталмыш композиция тұрғын үйлер орналасқан аудан маңындағы қоқыс алаңында түсірілген. «Өкінішке қарай, халыққа өзінің айналасын ластау қалыпты жағдайға айналды. Жазық даламыз құрылыс қалдықтарына толып кетті», - дейді фотограф.