Жаңалықтар

Тұман түсіп, үсік жүреді: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Тұман түсіп, үсік жүреді: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, 13 қыркүйекте елордада және Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, тұман түседі, қатты жел тұрып, 3 градусқа дейін үсік жүреді. Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. 13 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. 13 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, 14 қыркүйекте тәулік бойы солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыста және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Ертең күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Сейсенбі күні күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде – 15-20, екпіні – 23 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. 13 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстік-батысында түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Нұр-Сұлтан қаласында 13 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. 13 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 13 қыркүйекте түнде Абай облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Ертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 13 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысыңда оңтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында және павлодар қаласында түнде топырақ бетіндегі 3 градус үсік күтіледі.