Тамақтың бәрін тоңазытқышқа сала бермеңіз, қауіпті – маман жауабы

Тамақтың бәрін тоңазытқышқа сала бермеңіз, қауіпті – маман жауабы

Тамақтың бәрін тоңазытқышқа сала бермеңіз, қауіпті – маман жауабы
ашық дереккөзі
Тағамды ұзақ сақтаудың әдісі – оны тоңазытқышқа салу деп ойлаймыз. Десе де кей өнімдер суықта дәмін жоғалтып, керісінше, тез бұзылып кетеді. Диетолог Елена Соломатина тоңазытқышта сақтауға болмайтын өнімдерді атады деп жазды turkystan.kz. «Вечерняя Москва» порталына сұхбат берген маман тоңазытқышта күріш, макарон және жармаларды сақтауға болмайды дейді. Себебі, ылғалды жерде пайда болатын патогенді микроорганизмдердің әсерінен өнім тез бұзылып, улану қаупі жоғары болады. Сонымен қатар маман тоңазытқышта қызанақты сақтауға болмайды дейді. Бұл өнім суық жерде өзінің түрі мен хош иісін жоғалтады екен. Сондай-ақ тоңазытқышта тұрған тоқаштардың да түрі мен дәмі өзгереді.
«Тез ылғалданатын өнімдердің тоңазытқышта көгеріп кету қаупі жоғары. Мысалы, шай, кофе, түрлі шөптерді, куркума сияқты бұрыштар да тез бұзылады. Кептірілген жемістер, чипсілер, жаңғақтар тез ылғалданып, көгеріп кетеді», – деді диетолог.