Қазақстанда неке қиғандар саны азайды

Қазақстанда неке қиғандар саны азайды

Қазақстанда неке қиғандар саны азайды
ашық дереккөзі
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 55,1 мың жұп некесін қиған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15,2%-ға аз деп хабарлады turkystan.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. Қалаларда неке саны бір жылда 5%-ға, 42,6 мыңға дейін, ауылдарда бірден 38,1%-ға, 12,5 мыңға дейін азайған. Бірінші жартыжылдық ішінде ажырасу саны 9 мыңды құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 5%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 3,1%-ға, 7,1 мыңға дейін, ал ауылдарда 11,8%-ға, 1,9 мыңға дейін азайған. Жұптардың көпшілігі некелерін Алматыда тіркеді (бір жыл бұрынғыдан 14,7%-ға аз). Некелердің ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген (небәрі 1,5 мың). Ажырасу саны бойынша антилидер – Алматы (1,2 мың), Алматы облысы (1 мың) және Қарағанды облысы (937). Ал ең сирек ажырасқандар - Қызылорда облысының тұрғындары.