Селфи үшін арқардың аяғын сындырған браконьерлер ұсталды

Селфи үшін арқардың аяғын сындырған браконьерлер ұсталды

Селфи үшін арқардың аяғын сындырған браконьерлер ұсталды
ашық дереккөзі

Қарағандылық аңшылар селфи үшін Қызыл кітапқа енген арқардың аяғын сындырды. Полицейлер аңшыларды қамауға алып, аңмен бірге суретке түскен ұялы телефондарын тәркіледі, деп хабарлады аймақтың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қарағайлы ауылының екі тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысқан. Оларды 3 қаңтар күні рейд кезінде құрықтады.

«Полицейлер ер адамдардан төрт аңшы ит пен жарақаттанған арқарды тәркіледі. Арқардың қашып кетпеуі үшін аяқтарын сындырған. Одан бөлек ер адамдардан арқармен селфиге түскен фотолары бар ұялы телефондары тәркіге алынған», - дейді тәртіп сақшылары. Заңсыз аңшылықпен айналысқандардың үстінен соталды тергеу басталды.