Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

12 қыркүйек, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Си Цзиньпин Қазақстанға келеді 14 қыркүйекте Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйекте елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді. Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.