ШҚО-дағы дала өрттерінің басым бөлігі сөндірілді (ВИДЕО)

ШҚО-дағы дала өрттерінің басым бөлігі сөндірілді (ВИДЕО)

ШҚО-дағы дала өрттерінің басым бөлігі сөндірілді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық ТЖД мәліметінше, Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде шыққан өрттің таралуы 10 қыркүйек күні сағат 09.00-де тоқтатылды. Қызыл жалын шарпыған аумақ 1900 гектарды құрады.
«Күршім ауданында «Марқакөл» орман шаруашылығы, «Бобровка» орманшылығы және Төсқайың ауылдық округінің аумағына жайылған өрт 11 қыркүйекте сағат 17.00-де оқшауландырылды. Өртпен күреске құтқарушылар, орманшылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полиция қызметкерлерінің қатарынан 255 адам мен 29 техника жұмылдырылды. Өрт ауданы – 1800 гектар», - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, Құйған ауылдық округінің аумағындағы жалын 12 қыркүйекте сағат 06.40-та оқшауландырылды. Алдын ала дерек бойынша, от 2000 гектар аумаққа жайылды.
«Ал Алтай ауданындағы бұта мен шөпті шарпыған өрттің беті әлі қайтпады. Тілсіз жау 2400 гектарға тарады. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Сол жерде 207 адам мен 29 техника жұмыс істеп жатыр. Әуеден 145 рет су төгілді», - делінген хабарламада.