Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жегі өтетін Лас-Вегас қаласына келді

Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жегі өтетін Лас-Вегас қаласына келді

Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жегі өтетін Лас-Вегас қаласына келді
ашық дереккөзі
WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегасқа келді деп хабарлады turkystan.kz.
«Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз» деп жазды Г.Головкин Facebook-тегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек T-Mobile Arena сарайында өтеді. Бұл жекпе-жекте супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы бәске тігіледі.. Қазақстан уақыты бойынша кездесу 18 қыркүйек күні таңғы сағат 05.00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады. Елімізде тікелей трансляцияны «Qazsport» телеарнасы жүргізеді.