Жаңалықтар

Найзағай ойнап, үсік жүреді: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Найзағай ойнап, үсік жүреді: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.  Синоптиктердің болжамы бойынша, Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді. Абай облысының солтүстігінде найзағай болжамы бар. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік түсуі ықтимал. Көкшетау қаласында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік болжанады. Жетісу облысында түнде Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 19-24, екпіні – 30 м/с және одан аса сақталады. Орталығында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында 17-22 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 18-23 м/с. Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз екпіні – 15-18 м/с. Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.