Жеңісімді Қаңтар оқиғасында қайтыс болған бауырларымыздың рухына арнаймын – Қуат Хамитов

Жеңісімді Қаңтар оқиғасында қайтыс болған бауырларымыздың рухына арнаймын – Қуат Хамитов

Жеңісімді Қаңтар оқиғасында қайтыс болған бауырларымыздың рухына арнаймын – Қуат Хамитов
ашық дереккөзі
Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 3 турниріне Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Ресей елдерінің спортшылары қатысты деп хабарлады turkystan.kz.  Кеште Қуат Хамитов, Дамир Исмағұлов, Нұрберген Шәріпов сияқты танымал спортшылар өнер көрсетті. Қуат Хамитов 24 жастағы ресейлік қарсыласы Василий Бабинцевті бірінші раундта қылғындыру әдісімен жеңген болатын. Спортшы бұл жеңісін Қаңтар құрбандарына арнады.
«Бұл - қаңтар оқиғасынан кейінгі алғашқы жекпе-жегім. Денсаулығыма қатты зақым келді. Бір жылдан кейін күш-қуат жинап қайта оралғаныма қуаныштымын. Өзімнің жеңісімді Қаңтар оқиғасында қайтыс болған бауырларымыздың рухына арнаймын. Батыр жігіттерді тәрбиелеп-өсірген ата-аналарға арнаймын. Ел-жер үшін туған азаматтар үшін сіздерге алғыс айтамын», – деді Қуат Хамитов.