Жетісу облысында орман өртенді
Жетісу облысында орман өртенді
Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Үйгентас орман шаруашылығы аумағынан өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, Алакөл орман шаруашылығы аумағында 70 гектар аумақты алып жатқан 10 өрт ошағы тіркелген.
«8 қыркүйектен бүгінге дейін тікұшақтармен 84 тонна су шашылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 188 адам, 2 тікұшақ, 21 техника, 60 бүріккіш және 6 ат жұмылдырылған», - деді ведомстводан.
Бұл — Алакөлдегі өртке оранған екінші орман шаруашылығы. 7 қыркүйекте Жетісу облысы Алакөл ауданындағы «Достық» станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенген болатын.