Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық мотосаяхатшы Түркияға 20 күнде жетті

Қазақстандық мотосаяхатшы 20 күнде 5 мыңнан астам шақырымды жүріп өтті. Алматыдан басталған моторалли Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына және Алматы мен Ыстамбұл қалалары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған, деп хабарлады  turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Дмитрий Петрухинді Ыстамбұлдағы бас консулдығымыздың қызметкерлері, жергілікті қазақтар мен тұрғындар қарсы алды. Әлемнің 170 елін аралаған саяхатшы жолдағы қиындықтары мен қызықтарын айтып берді.

«Менің миссиям біреу ғана. Ол – өзімнің туған елім Қазақстанды, оның рәміздерін әлемге таныту. Ал бұл сапар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға келіп, Ердоғанмен кездесіп, бірқатар келісімге қол қойған соң жоспарланды. Екі елдің қарым-қатынас орнатқанына биыл – 30 жыл. Сондай-ақ арнайы Алматыдан шығып, Ыстамбұлға келу де бауырлас қалалардың ынтымағын нығайту мақсатында жасалды», – дейді байкер Дмитрийй Петрухин.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button