Абай облысында 40 гектар жер өртке оранды
Абай облысында 40 гектар жер өртке оранды
Абай облысы Жарма ауданында 40 гектар жер өртеніп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Жарма ауданы Шалабай ауылдық округінде ашық алаңнан өрт шыққан.
«40 гектар аумақта шөп жанды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қалбатау ауылынан 1 автобус жолға шықты. Жарма аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы да оқиға орнында жүр», - деп жазылған хабарламада.
Бесқарағай ауданында да екі өрт шыққан. Бір аумақтағы өрт сөндіріліп, екіншісі оқшауланды.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев шұғыл түрде жедел штаб отырысын өткізді. Әкім ТЖД басшылығына жағдайды бақылауда ұстап, қосымша техника жіберуді тапсырды.