Жаңалықтар

Президент реформасын қолдауға арналған Open air-ге 25 мың адам жиналды

ашық дереккөзі

Президент реформасын қолдауға арналған Open air-ге 25 мың адам жиналды

«AMANAT» партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформасын қолдауға арналған «Береке – бірлікте!» атты ашық аспан астындағы концерт ұйымдастырды. Концерт елордадағы ЭКСПО аумағында өтіп, оны 25 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Өз кезегінде, Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының депутаты Елнұр Бейсенбаев президенттік мандатты ұзақтығы 7 жыл бір мерзімге шектеу жөніндегі реформаның маңызын атап өтті. «Бұдан былай, Мемлекет басшысы тек бір рет қана Президент болу мүмкіндігіне ие болады. Ол қайта сайлана алмайды. Президент бір мерзімге, бір-ақ рет 7 жылға сайланатын болады. Заңнамадағы құқықтық коллизияны жою үшін, бұл өзгерісті, жаңашыл саяси реформаны биылдан бастауымыз қажет. Яғни, алдағы 20 жылдықта сіз бен біз, жаңадан сайланған ең кемі 3 Президентті көретін боламыз», – деді халық қалаулысы.  «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, елімізде болып жатқан оқиғаларға бейжай қарамайтын белсенді жастар жетіп-артылады. Сөйтіп, қала тұрғындары мен қонақтарының алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың арасында Мирас Жүгінісов, Назима, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Дильназ Ахмадиева, Yenlik, 2 RAR, De Lacure, Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Айдын Жұмабаев, Зарина Омарова, Естай Мұқашев, Майра Ілиясова, Хайролда Мұратбек, Арайлым Рахым, сондай-ақ мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері ән шырқады.