Ахмет Байтұрсынұлының еш жерде жарияланбаған фотосуреті мен видеосы елге жеткізілді

Ахмет Байтұрсынұлының еш жерде жарияланбаған фотосуреті мен видеосы елге жеткізілді

Ахмет Байтұрсынұлының еш жерде жарияланбаған фотосуреті мен видеосы елге жеткізілді
ашық дереккөзі
Ахмет Байтұрсынұлының еш жерде жарияланбаған фотосуреті мен видеосы елге жеткізілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қадірлі қауым, ақжолтай жаңалық! Біздің ғалымдар Әзербайжан архивінен Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының видеосы бар таспа мен бұрын жарияланбаған фотосуретін елге жеткізді. Бейнетаспада 1926 жылдың 26 ақпаны мен 5 наурызы аралығында Әзербайжан КСР-нде өткен І бүкілодақтық түркология құрылтайы (съезд) бейнеленген», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.  
8 минуттық видеода Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді. Бір қызығы, съезде үш оператор жұмыс істеген. Біздің ғалымдар тауып әкелген видеодан бөлек, тағы екі аппараттың түсірген бейнежазбалары болуы мүмкін. Жас ғалымдар алдағы уақытта оны да табуды міндет етіп отыр. Фотосурет Әзербайжан мемлекеттік өнер және мәдениет мұрағатында істейтін ғалым Фархад Ағзадәнің жеке қорынан алған. Бірінші түркологиялық құрылтайда түсірілген суретте Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Біләл Сүлеевтер бар.
«Осы еңбектері үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, PhD Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейітбатқаға алғыс айтамыз!» - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.