Қызылордада өрт болып, 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті

Қызылордада өрт болып, 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті

Қызылордада өрт болып, 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті
ашық дереккөзі
Қызылордада өрт салдарынан 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті Оқиға бүгін, 10 қыркүйекте Жаңақорған кентіндегі А.Асанов көшесі бойындағы тұрғын үйдің мал қорасында болған деп хабарлады turkystan.kz  КТК арнасына сілтеме жасап. Бұл жөнінде хабарлама сағат 2.18-де төтенше жағдайлар қызметіне түскен.
«Хабарлама бойынша №14 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника мен 4 қызметкер оқиға орнына барды. Анықталғаны, аумағы 10/20 шаршы метрді құрайтын мал қораның төбе жабыны толық жанған. Оған қоса ашық алаңда жиналған 100 пресс шөп отқа оранған. Мал қора ішінен 2 жылқы мен 16 қойдың жанып кеткен күйінде табылған», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Ведомство мәліметінше, өрт 3:15е толық сөндірілді.