Жаңалықтар

Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен ашық аспан астында ауқымды концерт өтеді

ашық дереккөзі

Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен ашық аспан астында ауқымды концерт өтеді

Бүгін,10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының ЭКСПО аумағындағы ашық аспан астында «Береке – бірлікте!» атты концерт өтеді. Шара ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясы. Концерт сағат 18.00-де басталады. Кіру тегін. Концертте Мирас Жүгінісов, НАZИМА, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Дилназ Ахмадиева, Yenlik, 2RAR, De Lacure сынды жарық жұлдыздар өнер көрсетеді. Сондай-ақ шараға Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Айдын Жұмабаев, Зарина Омарова, Естай Мұкашев, Майра Ілиясова, Хайролда Мұратбек, Арайлым Рахым секілді өнер тарландары қатысады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын концертке шақырамыз!