Жаңалықтар

7 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 6,9 трлн теңге

ашық дереккөзі

7 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 6,9 трлн теңге

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді. Онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларды орындау қарқыны, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселе қаралды деп хабарлады turkystan.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,9 трлн теңгені құрағанын хабарлады. Жылжымайтын мүлікпен операциялар, тау-кен өнеркәсібі және мұнай өндіру, көлік және қоймалау, ауыл, орман және балық шаруашылығы, энергетика және өңдеу өнеркәсібі сияқты салалар бойынша айтарлықтай өсім байқалады.