Мемлекет басшысы өрт сөндірушілерді марапаттады
Мемлекет басшысы қызмет барысында ерлік көрсеткен өрт сөндірушілерді марапаттады. Жарлық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;
Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
Ерлігі үшін» медалімен:
Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 10 қыркүйек
№ 1003», - деп жазылған құжатта.