Бүгін Алматыда Головкинді қолдау акциясы өтеді

Бүгін Алматыда Головкинді қолдау акциясы өтеді

Бүгін Алматыда Головкинді қолдау акциясы өтеді
ашық дереккөзі
Бүгін, 10 қыркүйекте «Медеуде» Геннадий Головкинді қолдау мақсатында ауқымды акция өтеді деп хабарлады  turkystan.kz Алматы әкімдігінің Telegram арнасына сілтеме жасап. Лас-Вегастағы жекпе-жек алдында боксшыны қолдау үшін ұйымдастырушылар жүздеген адамнан GGG жазуын жазып, оны биіктен түсірмекші. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. «Бірлік, ауызбіршілік, топтасу» ұранымен өтетін іс-шара Алматы қаласы бокс федерациясының, мотоциклистер мен парапланеристер клубтарының қатысуымен өтеді. Мұз айдынының ортасына жас боксшылар жекпе-жекке шығатын ринг орнатылады. Онда бокстан шеберлік сыныптары мен викториналар өткізіледі. 14:00-де басталатын акцияға кез келген адам GGG-ді қолдап, қатыса алады.