Жамбылда ірі жол апаты кезінде көліктен шығып үлгермеген қыз тірідей жанып кетті

Жамбылда ірі жол апаты кезінде көліктен шығып үлгермеген қыз тірідей жанып кетті

Жамбылда ірі жол апаты кезінде көліктен шығып үлгермеген қыз тірідей жанып кетті
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында ірі жол апаты болып, көліктен шыға алмай қалған бір жолаушы тірідей жанып кетті. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткенше  көлік  күлге айналған деп хабарлады  turkystan.kz  Аstanatv-ға сілтеме жасап.   Жантүршігерлік жағдай Шу қаласында болған.   Бір мезетте 6 көлік соқтығысқан көрінеді. Куәгерлердің  айтуынша, Mercedes Benz  автокөлігі қатты жылдамдықпен жүйткіп кеп,  бұрылғалы тұрған Volkswagen Golf-ті  соққан. Онымен қоса, сол жерде тұрған тағы бірнеше көлік бүлінді. Көлік иелері мен  бірнеше жолаушы түрлі  жарақатпен ауруханаға жеткізілген.  Ал  жолаушылардың бірі - 21 жастағы қыз  көлік ішінен шыға алмай қалып, өртеніп кетті.
 «Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар тиісті сараптама реті тағайындалды. Қазіргі уақытта Mercedes Benz маркалы автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деді Жамбыл облыстық ПД бастығының орынбасары Жасұлан Танкеев.