Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Қостанайлық полицейлер есірткі сатумен айналысқан 21 жастағы Рудный қаласының тұрғынын ұстады деп хабарлады turkystan.kz.

Ұсталған азаматтан 48 600 теңге көлеміндегі ақша мен есірткіні қолданатын түтік тәркіленді. Сол күні күдіктінің жалдамалы пәтерінде тінту барысында сұр түсті ұнтақ заты бар 89 пакет пен оның атына жазылған 5 банк картасы табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 70 грамды құрайтын «мефедрон» есірткі заты болып шықты.

Есірткі сатушы ұсталып, Жітіқара қаласы мен Жітіқара ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button