Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Сабақ кезінде құлап қалған студент көз жұмды

БҚО Білім басқармасы Орал политехникалық колледжінің 3-курс студентінің қайтыс болғанын хабарлады деп жазды turkystan.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Уәлихан Нұрлыбекұлы дене шынықтыру сабағында кенеттен құлап қалған.

Мұғалім мен медбике алғашқы медициналық көмек көрсетіпті. Келген жедел жәрдем бригадасы да студентті реанимациялауға тырысқан.

Қанша тырысқанымен жас жігіт қайтыс болды. Студент ешқандай соққы алмаған және жарақаттанбаған. Құлау себебі белгісіз.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button