Қазақстан зауыттары 2016 жылы 410 мың тонна битум өндірді

«2015-2019 жылдарға арналған Нұрлы жол инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде республика көлемінде 7 мың шақырым автожолдарды салу мен қайта жаңарту жоспарланып отыр, осы мақсатқа шамамен 2 млн тонна жол битумы қажет.

Жалпы еліміздегі мұнай жол битумына деген қажеттілік 400-500 мың тоннаны құрайды, ал отандық зауыттардың жалпы қуаттылығы жылына 1 млн тоннаға дейін жетіп отыр, деп мәлім етті энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 2016 жылға арналған жол битумына деген белгіленген қажеттілік 410 мың тоннаны құрады. Мәліметтер бойынша, 2016 жылы ел аумағындағы зауыттар 487 мың тонна (2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 107,3%)  жол битумын өндірді. Осылайша, ішкі нарықтағы қажеттілік отандық өндірістегі жол битумымен толығымен қамтамасыз етілді. Отандық битум зауыттарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және экспорттау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мұнай жол битумының экспорттық кедендік баж салығының мөлшерлемесін 60 доллардан 15 еуроға дейін  төмендету жөнінде шара қабылданған.

Back to top button