Жаңалықтар

Министр ауыл тұрғындары қандай аурумен жиі ауыратынын айтты

ашық дереккөзі

Министр ауыл тұрғындары қандай аурумен жиі ауыратынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл тұрғындары қандай аурумен жиі ауыратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Ауыл тұрғындары негізінен тыныс алу органдары ауруларымен ауырады. Екінші орында – ас қорыту жүйесі аурулары, үшінші орында қан айналымы аурулары тұр», – деді министр. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін ауылдарда 67 мың медицина қызметкері қызмет көрсетіп келеді. Оның 13 мыңнан астамы дәрігер.