Жаңалықтар

Депутаттар Шаханда зардап шеккендерге бір күндік табыстарын аударады

ашық дереккөзі

Депутаттар Шаханда зардап шеккендерге бір күндік табыстарын аударады

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары өздерінің бір күндік табыстарын Шахтинсктегі Шахан ауылында үйдің құлауынан зардап шекккендерге аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің сөзінше, 4 қаңтарда Палата Бюросы бір күндік еңбекақыны Қарағанды облысындағы Шахан ауылында болған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге көмек қорына аудару туралы шешім қабылдады. Мұның алдында Қарағанды облысының әкімдігі көпқабатты тұрғын үйдің құлауы кезінде қаза болғандардың отбасына миллион теңгеден, ал зардап шеккен отбасыларға 500 теңгеден жәрдемақы төленетінін айтқан. Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Бүгін қаза тапқандар жер қойнына тапсырылды.