Жаңалықтар

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына жаңа басшы келді

ашық дереккөзі

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына жаңа басшы келді

Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сайланды деп хабарлады turkystan.kz. «Тәуелсіздік жылдарында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту бағытында айтарлықтай жұмыс атқарылды. Жарыстар республикалық және халықаралық деңгейде өткізілді. Қажетті инфрақұрылым пайда болды. Бүгінде Қауымдастық алдында жаңа міндеттер тұр. Оларға қол жеткізу үшін барлық тараптардың күш-жігерін біріктіру қажет», – деді жиын барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев. Өз кезегінде Исламбек Салжанов жиынға қатысушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтты. «Біздің Қауымдастық балалар спортына ерекше назар аударуы қажет. Бұған қоса, ұлттық спорт стандарттарын бекітіп, жаңа форматтарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, ұлттық ат спортын жаңғырту өте маңызды», – деді Исламбек Салжанов.