Алматылық қыз жапон азаматын 1500 теңгеге алдамақ болған

Алматылық қыз жапон азаматын 1500 теңгеге алдамақ болған

Алматылық қыз жапон азаматын 1500 теңгеге алдамақ болған
ашық дереккөзі
Жапониядан елімізге саяхаттап келген жапон азаматын алматылық қыз әуежайда 1500 теңгеге алдап кетпек болған деп хабарлады turkystan.kz. Жапон азаматы Алматы әуежайындағы «Билайн» деп аталатын телефонға арналған қызмет көрсететін дүкеннен өзіне сим-карта сатып алған. Тек сатушы қыз сим-картаны 1500 теңгеге қымбат сатқан. Ал жапон азаматы оған алдана қоймаған екен. Сол жерде болған оқиғаны полицияға хабарлап, артық ақшаны қайтарып алған. Полиция қызметкері оқиғаға орнына келіп, дүкендегі қызбен сөйлесіп, оған айыппұл салған. Бір қызығы, дүкендегі қыз «бұл менің жұмысақым» деген ойды айтқан. Ал полиция қызметкері «бізде әуежайда бәрі қымбат» деп жапон азаматын шығарып салған. Әуежайдағылар жапон азаматынан аталған оқиғаның видеосын жарияламауды өтінген, алайда турист мұндай оқиға енді қайталанбасын деген ниетпен өтінішті орындай алмапты.