Жаңалықтар

«Жастар Рухының» белсенділері Президент Жолдауын қолдайды

ашық дереккөзі

«Жастар Рухының» белсенділері Президент Жолдауын қолдайды

«AMANAT»-тың Орталық аппаратында партияның «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «BIR TOLQYNDA» диалог алаңының отырысы өтті. Талқылау тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында жас ұрпаққа ерекше назар аударды. «Осы күні елімізде 70 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінеді. Дамыған еуропалық мемлекеттердің көбісінде мұндай жеңілдік жоқ. Бұл сіздерге беріліп отырған зор мүмкіндік. Себебі, білімді, білікті азаматтардың өмірде өз орнын таба алуы – мемлекет үшін аса маңызды. Шамамен, Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны – жас азамат. Сондықтан әділетті Қазақстанды құру ісінде әрқайсыңыздың қосқан үлесіңіз маңызды», – деп атап өтті халық қалаулысы.