Жаңалықтар

Әлемдегі ең ерекше 6 жұмыс

ашық дереккөзі

Әлемдегі ең ерекше 6 жұмыс

Әлемде екі қолға бір күрек табылатын жұмыс көп. Заман ағымына сай күнде жаңа мамандықтар да пайда болады. Қаржыгер, заңгер, мұғалім іспетті маман иелері көп екені белгілі. Ал құлап қалған пингвиндерді аудару және жалдамалы туысқан туралы естіп пе едіңіз? Turkystan.kz сайты сіздің назарыңызға әлемдегі ең ерекше жұмыстарды ұсынады. Тримидатор Бір қызығы, бұл мамандық ата-әжелеріміздің жастық шағында да болған. Тек ол кезеңде бұл мамандық бейресми және жай ғана «кезекте тұрған адам» деп аталған. Кеңес дәуірінде кей өнімдердің тапшы болғаны бәрімізге мәлім. Адамдар дефицит өнімдерді алу үшін дүкеннің алдында ұзын-сонар кезекке жиналған. Сағаттап тұрудан шаршағандарға ақылы түрде «көмектесетін»  адамдар болған. Айта кетсек, Англияда тримидатор мамандығы әлі де сұранысқа ие. Мұндай мамандық иелері өз клиентінің орнына кезекте тұрады, жалақысы да жоғары – сағатына шамамен 40 доллар.   [caption id="attachment_195738" align="alignnone" width="1200"] Фото:art-assorty.ru[/caption] Ірімшік тыңдаушы Бұл мамандық иелерін ірімшіктің белгілі бір түрі – пармезан үшін жалдайды. Себебі пармезан өте ұзақ піседі және оның дайындығын тек дыбыспен анықтауға болады. Ірімшік тыңдаушысы пармезанды күміс балғамен ұру арқылы піскенін анықтайды. Егер дыбыс қатты және айқын болса, онда ірімшік дайын, оны дүкен сөрелеріне қоюға болады. [caption id="attachment_195740" align="alignnone" width="1204"] Фото:khakasia.info[/caption] Құлап қалған пингвиндері тұрғызу Бұл мамандар әуеде ұшып бара жатқан ұшақтарды тамашалаймыз деп арқасынан аударылып қалған пингвиндерді көтереді. Бір қызығы, пингвиндерге адамдар көмектеспесе, олар өз күштерімен аяқтарына тұра алмайды екен. Егер бұл мамандық иелері болмағанда пингвиндер аштан өлер ме еді? [caption id="attachment_195742" align="alignnone" width="1200"] Фото:bravedefender.ru[/caption]