Головкин мансабын аяқтауға дайын ба? – GGG бапкері жауап берді

Головкин мансабын аяқтауға дайын ба? – GGG бапкері жауап берді

Головкин мансабын аяқтауға дайын ба? – GGG бапкері жауап берді
ашық дереккөзі
Қазақстандық орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс 40 жастағы GGG жақын арада мансабын аяқтамайтынын мәлімдеді деп  хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 17 қыркүйекте Головкин Сауль «Канело» Альвареспен екінші орта санаттағы барлық негізгі чемпиондық белбеу үшін үшінші жекпе-жек өткізеді.
– Егер ол мансабын аяқтауға дайын болса, мен боксшыны жаттықтырмас едім. Одан да үйге қайтуға сұранамын. Зейнетке шығайын деп жатқан адаммен уақытымды босқа өткізіп не істеймін. Мұндай оқиға Геннадийға қатысты болса, мен қазір осында болмас едім», – деді бапкер.