«Отандастар қоры» «Достар алаңы» жобасын бастайды

«Отандастар қоры» «Достар алаңы» жобасын бастайды

«Отандастар қоры» «Достар алаңы» жобасын бастайды
ашық дереккөзі
2022 жылғы 8 қыркүйектен бастап  «Отандастар қоры» КеАҚ шетелде тұратын қандас балаларға қазақ тілін үйрету мақсатында «Достар алаңы» жобасын бастайды. Жобаның мақсаты  –  әлемнің әр елінде тұратын қаракөз ұл-қыздармен ана тілімізде тілдесіп, өзара әңгімелесу арқылы қазақша сөйлейтін орта қалыптастыру. Жоба аясында балалар қазақша сөз саптап, сөйлем құрауды үйренеді. Аты-жөнінен бастап, ата-тегін дұрыс айту, ұлттық салт-дәстүр мен ұлы тұлғалар туралы әсерлі  әңгіме айту, қызықты тақырыптар таңдап, әлемді бірге танып-білу, онлайн форматта күнделікті байланысқа шығып, тіл байлығын бірге арттырумен қатар, жаңа достар табу басты назарға алынған. «Отандастар қоры» шетелдік қандас балаларға  ана тілімізді үйрету үшін  мектеп жасындағы ұл-қыздар мен ұлтжанды волонтёр жастарды жобаға атсалысуға шақырады! «Әр қазақ – менің жалғызым» демекші, төмендегі нөмірге сіз де хабарласып, бізге қосылыңыз! Қазақ тілін бірге үйретейік! Тел: +7 778 552 8116