Тәліптерден қашқан ауған қызы Вашингтонға қалай жетті (СОҢЫ)

Тәліптерден қашқан ауған қызы Вашингтонға қалай жетті (СОҢЫ)

Тәліптерден қашқан ауған қызы Вашингтонға қалай жетті (СОҢЫ)
ашық дереккөзі
29 тамыз, таңғы 11:30-да соңғы америкалық сарбаз елімізді тастап, шыққан кезде бес жүзге жуық адам C-17 бортымен бірге қашып шықтық. Бұрын өмірі ұшып көрмеген мен, алғашқы ұшуымды әскери ұшақ ішінде, ешқандай орындықсыз, жерде жатып, сарбаздардың бақылауында болып барамын деп ойлаған емеспін.
Сен қуаныштысың ба? – деп сұрадым Сарадан.
Менің оның «Тәліптер» туралы, анамыз жайында, басқа да үш күн бойы басымыздан өткен қиын күндерді ойлап отырмағанын түсіндім. Ол таң-тамаша болып жүр. Сарбаз әйелді көрсетіп, оның қандай батыл екенін айтты.
Менің әуе әскери ұшқышы болғым келеді, – деді ол. Онда боласың! – дедім оған.
Алайда ұшақ көкке көтерілген кезде іште отырғандардың бәрі, тіпті Сарадан бастап жылай бастады. Біз алдымен Катарға қондық, ол жерден америкалық шенеуніктер күтіп алды. Біз ағаларымыздың USAID-та жұмыс істегенін, олардың бізге АҚШ-қа виза алуға рұқсат бергенін айттық. Біздің рейстегі жолаушылардың көбіне Катарда қалуына тура келді, ал бізді жас ана және ертіп жүрген адамдары жоқ екен деген оймен басқа ұшаққа отырғызды. Одан кейін Германияға жеттік, міне, ақыры 4 қыркүйек күні Сара екеуіміз Вашингтонға қондық. Сол жерден бізді Индиана штатындағы  Кэмп-Эттербери әскери оқыту базасына аттандырды. Қыс түсті, өте суық болды. Уақтымыздың көбі тамаққа кезекке тұрумен кетті, кейін жататын жерге оралғанда бетімізді аяз өпкен, қолымыз суықтан тоңып, тіпті саусақтарымызды қозғалту жанымызды қинайтын. Бұл базада мыңға жуық эвакуацияланған ауғандықтар жатыр. Біз Сара екеуіміз қырық шақты адаммен бірге жаттық, оның ішінде мазасызданып түнімен жылайтын сәбилер де бар. Қауіпсіз жерде күн көріп жатсақ та, түрмеде жүргендей едік. Сол жерде жүріп ең үлкен ағамызбен, оның әйелімен және үш бірдей баласымен қауыштық. Желтоқсанның соңына қарай Вашингтонға жақын орналасқан Мэрилендтегі үш бөлмелі пәтерге көшіп келдік. Тар әрі шуға толы жер болса да, біз бақытты едік. Сара қайтадан мектепке бара бастады. Ол қазір велосипедпен оқуға барып, арасында үйдің қасындағы кітапханада қосымша ақша тауып жүр. Сол кітапханада күн ұзаққа отырамын, өзімнің кабинетім секілді көремін кейде. Мен мұнда редактор-стажер ретінде бір журналда өзімнің салам бойынша жұмыс таптым. Ештеңе етпес, «Тәліптер» тіпті қыз-келіншектерді шақырмас та еді ғой. Анама хабарласқан сайын сағынғандарын, пәтерде тыныштық орнағанын айтады. Асман болса, жалғызсырап жүргенін, ешкім оның тамағын тасып, ұзын шашын тарамайтынын айтып, ренжиді.  Ешкіммен бөлмеде билей алмайтынын, болашаққа жоспар жасай алмайтынын жеткізеді. Кейде егер мен елім үшін күрескер ретінде қалғанда ше деп ойлаймын? Тәліптерді тоқсаныншы жылдары билікте болған кезде анама білім алуға рұқсат бермеді. Қазір олар дәл сол жүйені қайта алып келді және оның Асман басынан кешетін болады. Тәліптер енді әйелдерге жолдасы болмаса, қалада жүруге, спортпен, өнермен және басқа көп мамандықпен айналысуға тыйым салды. Үйден шығу үшін әйелдерге басынан бақайына дейін жабу керек. Ал бұрынғы үкімет жағында болған ерлерді тәліптер тауып алып, өлтіреді. Экономика құлады, балалар аш қалды. «Тәліптердің» жеңісі ауған халқына қалай әсер ететінін жазатын бірде-бір адам да қалмады. Белсенділерді тұтқындайды, журналистерге шындықты жазуға тыйым салды. Өз еліңде өгей болып өмір сүрген ауыр, ал үнсіз қалуға мәжбүрлеулері одан да ауыр. Мен осы бір оқиғаны жазып, сіздерге баяндап беру үшін ноутбугімді «Тәліптерден» жасырып еркін континенттегі елге алып келді. Бушра Седдик. 15 тамыз, 2022 жыл. Соңы. Бірінші бөлім: «Сіздерге осы оқиғаны баяндау үшін тәліптерден ноутбугімді жасырдым» – ауған қызы Екінші бөлім: «Өлгім келмейді» – ауған қызы (2 бөлім) Үшінші бөлім: «Ноутбукты көйлегімнің астына тығып өттім» – ауған қызы (3 бөлім)