Жаңалықтар

Қазақ баласы Manhunt International байқауының финалына шықты

ашық дереккөзі

Қазақ баласы Manhunt International байқауының финалына шықты

Қазақстандық Бақыт Төлегенов Manhunt International байқауына еліміздің атынан қатысқан алғашқы адам болды. Бұл – 1993 жылы алғаш рет Сингапурде өткен ең беделді ерлер сұлулық байқауы деп хабарлады turkystan.kz. Бақыт 1994 жылы Қызылордада дүниеге келген. Алты жасынан бастап елордада тұрған деп жазады ztb_kz. «Қазақстанда университетті қызыл дипломмен бітірдім. Содан кейін шетелге білім алуға кеттім. 2018 жылы Глазго университетінде магистратураны бітірдім, ал 2020 жылы сол жерде докторантураға түстім. Сол университетте ассистент-оқытушы болып жұмыс істеймін. Оқуды бітіргеннен кейін Қазақстанға оралып, еліміздегі ғылым мен білімнің дамуына бар күш-жігерімді саламын», - дейді отандасымыз. Manhunt International байқауында Бақыт Төлегенов финалға өтті. Ақтық сын 1 қазанда Манилада (Филиппин) өтеді. Қазақстан алғаш рет осы ауқымды жобаның финалына шықты. Енді әлемнің 40 елінен келген қатысушылар жеңіске таласады. Іс - шараға әлемге әйгілі модельдік ұйымдар, сән үйлерінің өкілдері, журналдар мен порталдардың редакторлары және т.б. қатысады. Айта кетейік, бүгінде ерлерге арналған әлемдік деңгейдегі төрт байқау бар. Оның ішіндегі ең беделдісі – Manhunt International.